Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан мен тағы төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан мен тағы төрт облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«17 сәуірде Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ.: 17 сәуірде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Көкшетауда 17 сәуірде ертеңгісін және күндіз тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, ертеңгісін және күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
«17 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі. Орал қ.: 17 сәуірде күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 17 м/с-ке күшеюі күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
17 сәуір Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай, шквал, шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100 %
«17 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады түнде кей жерлерде, күндіз кей уақытта 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 17 сәуірде жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.

adimage