Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда және бес облыста дауылды ескерту жарияланды

Күні: 18:25, 09-08-2022.

Астана. 9 тамыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда және бес облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«10 тамызда Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ.: күндіз 09 тамызда кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Найзағай. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Күндіз 10 тамызда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Орал қ.: күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
«10 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі, шаңды дауыл соғады, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі», - деді «Қазгидромет».
10 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 10 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
«Қарағанды облысының солтүстігніде, шығысында және оңтүстігінде 10 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және ертеңгісін облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан, найзағй кезінде екпіні 17-22 м/с жел тұрады. Қарағандыда күндіз 10 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан, найзағай кезінде екпіні 17 м/с жел тұрады», - деп ескертті синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: