Сәрсенбі күні Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 9 шілде. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«10 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 42°С қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
10 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.
«Орал қ.: 10 шілдеде найзағай күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage