Сәрсенбі және бейсенбі күндері Қазақстанның екі облысында су деңгейінің көтерілуі күтіледі

Астана. 21 мамыр.ҚазТАГ – Сәрсенбі және бейсенбі күндері Қазақстанның екі облысында су деңгейінің көтерілуі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22-23 мамырда жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында бүйірлі ағынның қалыптасуы және таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Еске салсақ, бұған дейін басқа дауылды ескерту таратылған болатын, соған сәйкес сәрснбі күні ШҚО-да күн күркірейді, бұршақ жауады және жел тұрады.

adimage