Сәрсенбіде Нұр-Сұлтанда және жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 19 қаңтар. ҚазТАГ – Сәрсенбіде Нұр-Сұлтанда және жеті облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«20 қаңтарда Ақмола облысында күндіз басым бөлігінде қар жауы күтіледі. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ: таңертең және күндіз 20 қаңтарда жаяу бұрқасын, тұман, шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ: таңертең және күндіз 20 қаңтарда жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
20 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
«20 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Қарағанда қ. күндіз 20 қантарда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с», - делінген хабарда.
20 қаңтарда Солтүстік-Қазақстан облысының күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 20 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
«20 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - деді «Қазгидрометте».
20 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 20 қаңтарда көктайғақ күтіледі. 20 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 20 қаңтарда көктайғақ күтіледі..
«Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Орал қ.: 20 қаңтар тұман, жаяу бұрқасын күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage