Сәрсенбіде Түркістан және Қызылорда облыстарында қатты ыстық күтіледі

Астана. 25 маусым. ҚазТАГ – Сәрсенбіде Түркістан және Қызылорда облыстарында қатты ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 маусымда күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 420С қатты ыстық күтіледі. Түркістан қ.: 26 маусымда 40 С қатты ыстық күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«26 маусымда күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 44°С қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді синоптиктер.
26 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Көкшетау қ: 26 маусымда найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 7-12, екпіні 15 м/с.
«Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген хабарда.

adimage