Сарыағаш арқылы Т1,2 млрд астам сомаға өзбек ыдысын заңсыз алып өтпек болған

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – Сарыағаш арқылы пойызбен Т1,2 млрд астам сомаға өзбек ыдысын заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлады Қазақстанның ҰҚК шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметінен.
«21 мамырда сағат 23.40 «Сарыағаш» өткізу пунктінде (теміржол) Анжижан-Мәскеу батығындағы жоалушылар пойызын тексеру барысында вагондардың бірінде (орындықтың астында) шамамен құны Т1 224 000 тұратын қолдан жасалған ыдыстардың ірі партиясы табылған. Жүк Өзбекстан Республикасының азаматына тиесілі екен. Жөнелтпе құжаты болмаған», - деп хабарлады сәрсенбіде шекара қызметінен.
Ұсынылған тізімге сәйкес, пойызбен ондаған шәйнек, жүздеген кесе, екі жүздей тостаған және тағы да көптеген ыдыс бар.
«Материалдар арнайы кеден қызметіне тапсырылған», - делінген хабарда.

adimage