Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Токиодағы Азия чемпионатынан үшінші қола жүлдені иемденді

Астана. 18 маусым. ҚазТАГ – Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Токиодағы Азия чемпионатынан үшінші қола жүлдені иемденді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Бүгін Токиода семсерлесуден Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтуде. Шпагадан ерлер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды. Жартылай финалда Эльмир Алимжанов, Иван Дерябин, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимовтан құралған Қазақстан командасы Оңтүстік Корея құрамасымен кездескен болатын. Тартысты өткен матч «алтын ұпайға» дейін созылып, қазақстандықтан 43:44 есебімен қарсыласқа есе жіберді. Бұл көрсеткіш арқылы Қазақстан құрамасы құрлық додасының қола жүлдесін иеленді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан командасы Азия біріншілігінен екі қола медаль жеңіп алған болатын. Руслан Курбанов шпагадан ерлер арасындағы жекелей сында үздік үштікке енсе, саблядан Қазақстан қыздар командасы турнирдің қола жүлдегері атанды.

adimage