Сенат басшысының экс-орынбасары Тоқаевтан әділдікті сұрады

Алматы. 29 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. ҚР парламенті санатының төрағасының бұрынғы орынбасары Сергей Тихонов ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қылмыс жасады деп айыпталған ұлына қатысты әділдік сұрап жүгінді.
«Осы хатты Сізге, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы жазуыма қарапайым тұрмыстық жағдай мәжбүрлеп отырған жоқ. Менің ұлым, Тихонов Виктор Сергеевич, Алматы қаласы прокуратурасы басқармасының бұрынғы бастығы, әділет кеңесшісі, төрт баланың әкесі, оның үшеуі кәмелетке толмағандар, әдейі заңсыз қылмыстық жауапқа тыртылды», - делінген Тихоновтың Қазақстан президентіне жазған хатында.
Бұл ретте, сенат басшысынң экс-орынбасары оның ұлының ұсталуы мен оған қатысты тергеу амалдарының басталуы оның кәсіби қызметімен тікелей байланысты және «нақты бір іс бойынша түбегейлі ұстанымы үшін есеп айырысу және кек алудан басқа ештеме емес» деген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюроның жекелеген азаматтары (2019 жылдың маусымында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып құрылған – ҚазТАГ) бас прокуратура басшылығына Виктордың қылмыстық схемамен байланысы бар-мыс, контрабандашылар мен заңсыз ойын бизнесімен айналысатындарға қолдау көрсету дерегі бар-мыс, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық жетекшілерімен байланысы бар-мыс деп жалған ақпарат берген. Бүгінде жоғарыда айтылған күдіктердің бірде-бір тармағының расталмағаны бұлтартпас дерек болып отыр, ал менің ұлымды сондай деп атау және бас прокуратура басшылығының ол туралы тамырын жайған жемқор және «погон таққан құбылғыш бейне» туралы пікір қалыптастыруы «тапсырыспен жасалған қойылымдық шараға» ұқсайды», - деп жазған Тихонов.
Ол ұлын ҚР ҚК 413 бабы (қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату) бойынша айыптап, жауапқа тартқандарын түсіндіре кеткен.
Сенат басшысының экс-орынбасарының айтуынша, оның ұлы 2017 жылдың наурызында Алматы қаласы Наурызбай ауданы прокурорының МА бола тұра бір азаматқа тағылған айыпты ұрлық дерегіннің айғақтары жеткіліксіз болғандықтан, ұрлықтан бұзақылыққа ауыстырған. Бұл ретте ол бұдан ешқандай да материалдық немесе басқалай пайда көрмеген және айыпталушымен де кездеспеген, ол тергеу барысында расталды да.
Алайда сот айыптауды өзгертуге «жалған артықшылық сезімі» себеп болған деген қорытындыға келді.
«Десек те, міне осындай жағдайлар бола тұра сот тергеумен келісіп, «С.С.Тихоновтың аталмыш қылмысты жасауына мансақорлық себеп болған және ол бұл қылмысты жалған артықшылық сезімімен жасаған», - делінген хатта.
Сенат басшысының экс-орынбасарының пікірінше, аталмыш әрекеттер оның ұлын ұстаған және айып таққан азаматтарды қорғап қалу мақсатымен жасалған.
«Оның үстіне, сот тергеуінің барысы менің ұлыма қатысты тағылған айыптардың расталуы туралы емес, оны қамауда ұстаудың негізділігі туралы болды. Мұның барлығы оны ұстаған және олар ойлап тапқан менің ұлым жасаған-мыс қылмыстық әрекеттер туралы шешім қабылдаған», - деген сенімде Тихонов.
Хат авторы атап өткендей, Виктор Тихновқа тағылғандай айыппен «Қазақстанның тарихында бірде бір прокурор сотталып көрмеген».
Бұл ретте Сергей Тихонов Тоқаевқа қалыптасқан жағдайға объективті түрде баға беруге және бас покуратураға бақылау тәртібімен Виктор Тихоновтың қызметін теріс түсінік пен субъективтілік танытпай бағалай отырып, шығарылған сот актілерін қайта қарау туралы наразалық білдіру мүмкіндігін қарастыруды өтінді.

adimage