Сенбі күні Шымкентте және үш облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Сенбі күні Шымкентте және үш облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«10 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Күндіз тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 10 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
10 желтоқсанда Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Жалаңашкөл аймағында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 17-22 м/с.
«Күндіз 10 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 10 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.

adimage