Сенбі күні Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ – Сенбі күні Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«11 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage