Сейсенбі күні Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғады

Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«19 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с сақталады. Ақтөбе қаласында 19 ақпанда түнде жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %»,- делінген дауылды ескертуде

adimage