Сейсенбі күні Алматы мен Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз, Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауады

Астана. 23 шілде. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Алматы мен Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз, Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +25+27, түнде +15+17.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Күндіз +34+36, түнде +22+24.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +35+37, түнде +20+22.

adimage