Сейсенбі күні Астанада қар жауады, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні күні Астанада қар жауады, Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
Астанада күн бұлтты, кейде қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -10-12.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -2-4 аяз, күндіз +5+7.
Шымкентте құбылмалы бұтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады, найзағай. Шығыстан, оңтстік-шығыстан екпіні   8-13 м/с жел тұрады, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0+2, күндіз +12+14.

adimage