Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі

Астана. 20 сәуір. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«Қазақстанның солтүстік жарты бөлігі антициклонның ықпалында болады соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз. Қалған аумағы төмен қысым ықпалында болады, соған байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейеді, дауыл соғады, көктайғақ, шығысында – жаяу сырма соғады, батысы мен оңтүстігінде күн күркірейді, оңтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 0+2, түнде -7-9.
Алматыда құбылмалы бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады, күн күркірейді. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +21+23, түнде +10+12 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +13+15.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, дауыл, бұршақ жауады, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +20+25, түнде +13+18.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, дауыл, бұршақ, 15-20 м/с жел күшейеді, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз +18+23, түнде +9+14.
Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз -2+3 (оңтүстігінде +8), түнде -5-10.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, 15-20 жел тұрады, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде жаяу сырма соғады. Күндіз +1+6, түнде -3-8.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Күндіз +3+8, түнде -6-11
Павлодар облысында тұман күтіледі. Күндіз 0+5, түнде -7-12
Қостанай облысында тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +4+9 (оңтүстігінде +12), түнде +4+9 (оңтүстігінде -1).
Қызылорда облысында жел күшейеді, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с болады. Күндіз +11+16, түнде +10+15, топырақ бетінде -3 үсік жүреді.
Атырау облысында аздаған жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +8+13.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +9+14 (оңтүстігінде +17), түнде +2+7 (оңтүстігінде +10).
Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде жауын-шашынды, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10 (оңтүстігінде +13), түнде +4+9 (оңтүстігінде +4).
Алматы облысында кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +8+13.
Ақмола облысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -1+4, түнде -7-12.
Маңғыстау облысында кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +22+27 (батысында +18), түнде +9+14 (солтүстік-шығысында +6).
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі байқалады, мұз қату үдерісі әлсірейді. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жазықтық аумағында қар қарқынды ериді, өзендерде су деңгейі көтеріледі», - деп ескертті синоптиктер

adimage