Сейсенбі күні Қазақстанның 14 облысында және Астанада дауылды ескерту жарияланды

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның 14 облысында және Астанада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Астанада 06 маусымда күндіз найзағай, 36-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. 06 маусымда күндіз Ақмола облысында батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз қатты ыстық 35-38 градус сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Кокшетау қ.: 06 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-37 градус ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі күтіледі», – делінген хабарда.
06 маусымда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Костанай қ.: 06 маусымда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
06 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с. 06 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ: 06 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
06 маусымда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық, төтенше өрт қаупі күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ақтау қ.: 06 маусымда түнде және таңертең тұман күтіледі
06 маусымда күндіз Қызылорда облысында 42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 06 маусымда күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
06 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 06 маусымда найзағай күтіледі.
06 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 06 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
06 маусымда Абай облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Семей қ.: 06 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 37-39 градус қатты ыстық күтіледі.
06 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 06 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Петропавл қ.: 06 маусымда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 06 маусымда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
06 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Актөбе қ: 06 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
06 маусымда күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 06 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
06 маусымда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 06 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
06 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстік жартысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Қонаев қ: 06 маусымда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
06-07 маусымда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 07 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. 06-08 маусымда күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 08 маусымда күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 06-08 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

adimage