Сейсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 18 ақпан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: солтүстігінде қар жауады, оңтүстігінде – жауын-шашынды (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығысында –қар, таулы, тау маңы аудандарда қалың қар жауады, тек елдің батысында ғана жауын-шашын болмайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, солтүстігінде бұрқасын болады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кейде қар жауады, бұрқасын тұрады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -5-7.
Алматыда бұлтты, қар жауады, ертеңгісін және күндіз қалың қар жауады. Тұман, жолдарда көктайғақ. Батыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 0, түнде -4-6 шамасында.
Шымкентте құбылмалы бұлт шығады, ертеңгісін және күндіз кейде жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз +2+4.
Ақмола облысында күндіз бүкіл өңірде, түнде кей жерлерде қар күтіледі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да жоғары, кей жерлерде бұрқасын тұрады, тұман, көктайғақ. Күндіз -2-7, түнде -13-18.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз бүкіл өңірде, түнде кей жерлерде қар жауады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан жоғары, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ. Күндіз -2-7, түнде -10-15.
Қостанай облысында күндіз бүкіл өңірде аздаған қар аралас жаңбыр күтіледі, түнде кей жерлерде қар жауады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да жоғары, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -8-13.
Қарағанды облысында кей жерлерде қар жауады, жаяу сырма соғады, тұман түседі. Күндіз -5-10 (оңтүстігінде -2), түнде -12-17 (оңтүстігінде -9).
Шығыс Қазақстан облысында қар күтіледі, кей жерлерде бұрқасын, тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3-8, түнде -6-11.
Павлодар облысында күндіз кей жерлерде қар күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады, түнде кей жерлерде қар жауады. Күндіз -5-10, түнде -7-12.
Алматы облысында күндіз бүкіл өңір бойынша, түнде кей жерлерде қар күтіледі, тауларды және тау маңдарында қалың қар күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, Күндіз -2+3, түнде -2-7.
Жамбыл облысында кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ. Күндіз -1+4, түнде -1-6.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз және түнде -3+2
Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3+2, түнде -5-10.
Түркістан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын түседі, түнде жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -1-6.
Атырау облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0+5, түнде -2-7.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі, 18 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -10-15.
Маңғыстау облысында жауын-шашын болмайды, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +5+10, түнде -3+2.
«Алдағы тәулікте оңтүстік-шығыстағы өзендерде мұз қату құбылысы әлсірейді. Республиканың оңтүстігіндегі, шығысындағы қалған таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады. Қазақстанның жазықтық аумағындағы су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді», - деп ескертті синоптиктер.

adimage