Сейсенбі күні Қазақстанның кей облыстарында ғана қар жауады деп күтілуде

Астана. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның кей облыстарында ғана қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен
«Республиканцң солтүстік, орталық және шығыс бөліктеріне атмосфералық фронталды бөліктер ықпал ететін болады, тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады – қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейеді, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде көктайғақ болады», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда бұлтты, кейде қар жауады, жаяу сырма соғады. Күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -1-3
Алматыда құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз 2-4, түнде -9-11.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан екпіні 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -7-9, күндіз +3+5.
Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі, кей жерлерде тұман, 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ. Күндіз -1-6, түнде -7-12.
Қостанай облысында кей жерлерде жаяу сырма соғады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады, көктайғақ. Күндіз 0-5, түнде -4-9.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу сырма соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7 (шығысында -10), түнде -10-15 (шығысында -20-25).
Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +1+6 (солтүстігінде -6-11), түнде -4-9 (солтүстігінде -17-22).
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0+5 (солтүстігінде -3), түнде -1-6 (солтүстігінде -9).
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады, бұрқасын соғады. Күндіз -10-15, түнде –17-22
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -15-20.
Маңғыстау облысында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, шаңды дауыл соғады. Күндіз +3+8 (солтүстігінде 0), түнде -3+2 (солтүстігінде -8).
Алматы облысында кей жерлерде тұман күтіледі, кей жерлерде қатты аяз болады -26. Күндіз -2-7, түнде -8-13 (солтүстігінде -26).
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3-8, түнде -10-15.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 0-5 (оңтүстігінде +3), түнде -4-9.
Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2-7, түнде -8-13.
Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -13-18, түнде -22-27.
Қарағанды облысында да кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде -13-18 (шығысында -23-28).
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік-шығысындағы және оңтүстігіндегі жекелеген өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер



adimage