Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 24 қараша. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағындағы ауа райыны бұрынғыша антициклон анықтайтын болады, соған байланысты еліміздің оңтүстігінде, солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің қалған аумағында фронталды бөліктердің ыөпалымен кей жерлерде қар жауады, батысында – жауын-шашынды (қар, жаңбыр). Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ», - делінген хабарда.
Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -6-8, түнде -11-13.
Алматыда күн бұлтты, түнде аздаған қар жауады. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз -9-11.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +2+4, түнде -8-10.
Шығыс Қазақстан облысында аздаған қар жауады, тұман. Күндіз -5-10, түнде -13-18.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -1-6, түнде -12-17
Атырау облысында да жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман. Күндіз +2+7, түнде -3-8.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2-7, түнде -9-14.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -3-8, түнде -12-17.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман. Күндіз 0+5, түнде -6-11.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз 0-5, түнде -10-15.
Батыс Қазақстан облысында қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -3-8.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -2-7, түнде -12-17.
Қарағанды облысында аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман. Күндіз -5-10 (оңтүстігінде -2), түнде -8-13 (шығысында -16-21).
Алматы облысында аздаған қар жауады, тұман түседі. Күндіз 0-5, түнде -7-12.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз, түнде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +1+6, түнде 0-5.
Павлодар облысында аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз -3-8, түнде -6-11.
«Алдағы тәулікте республиканың көптеген өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады, мұз қату күшейеді», - деп ескертті синоптиктер

adimage