Сейсенбі күні KASE индексі 0,01%-ға 2223,39-ға өсті

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,01% -ға 2223,17-ден 2223,39-ға дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,6 есе өсіп, Т72,6 млн. немесе $186,2 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Банк ЦентрКредит» АҚ (+2%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,7%), «KEGOC» АҚ (+0,01%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+2,5%) акцияларының бағасы өскен.
Ал KAZ Minerals PLC (-2%), «Кселл» АҚ (-1,4%) және «Қазақтелеком» АҚ (-1,2%) бағасы түсті


adimage