Сейсенбі күні KASE индексі 0,06%-ға өсіп, 2317,75-ке жетті

Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,06% -ға 2316,36-дан 2317,75-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 18,8 есе өсіп, Т951,5 млн. немесе $2463,7 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Ұлттық банкі» АҚ (+0,01%), «Кселл АҚ (+1,6%), «KEGOC» АҚ (+0,3%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+2,8%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,01%), KAZ Minerals PLC (-1,7%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,9%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,4%) бағасы түсті.

adimage