Сейсенбі күні KASE индексі 0,27%-ға 2222,74–ке өсті

Алматы. 6 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,27% -ға 2216,86 -дан 2222,74-ке дейін өсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 33,2% түсіп, Т160,1 млн. немесе $274,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында KAZ Minerals PLC (+1,9%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,8%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+1,4%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,5%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-0,3%) және «KEGOC» АҚ (-0,8%) акцияларының бағасы түсті.
«Кселл» АҚ акцияларының құны өзгерген жоқ.

adimage