Сейсенбі күні KASE индексі 1,55%-ға түсіп, 2345,57-ге жетті

Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 1,55% -ға 2382,6-дан 2345,57 дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 8,3% түсіп, Т2163 млн. немесе $5754 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «KEGOC» АҚ (+0,7%) акциясының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-0,05%), KAZ Minerals PLC (-5,1%), «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-1,4%), «Кселл» АҚ (-0,4%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (-1,8%), «Қазақтелеком» АҚ (-0,9%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,9%) акцияларының бағасы түсті.

adimage