Сейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 25 мамыр. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда, Ақмолада, Маңғыстауда, Солтүстік-Қазақстанда, Қызылорда мен Павлодар облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, шаңды адуыл, бұршақ күтіледі. Батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Нұр-Сұлтанда 26 мамыр күні күндіз шаңды жел соғады. Батыстан соғатын жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстікке ауысады. Көкшетауда күндіз 26 мамырда батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, екпіні 15 м/с жетеді», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, хабарланғандай, 26 мамыр күні күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде +39 қатты ыстық күтіледі.
«26 мамырда СҚО-да түнде және ертеңгісін кей жерлреде тұман түседі. Батыстан соққан жел солтүсікке ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады. Петропавлда 26 мамырда батыстан соққан жел солтүстікке ауысады деп күтілуде, екпіні 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады», - деді синоптиктер
Сонымен қатар, 26 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. 25 мамырда шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 25 м/с күтіледі.
«Күндіз 26 мамырда Павлодар облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады деп күтілуде, екпіні 15-20 болады, кей жерлерде 25 м/с жетеді, түнде 27 мамырда ккей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Павлодарда күндіз 26 мамырда, түнде 27 мамырда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-100%.

adimage