Сейсенбі күні Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

Тараз. 6 сәуір. ҚазТАГ – Жамбыл облысында сейсенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«7 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, ертеңгісін және күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жауады, тұман түседі. Таразда күндіз 7 сәуірде оңтүстік-батыстан жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді, кейде 23 м/с. Кейде күн күркірейді, бұршақ жауады», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage