Сейсенбіде Нұр-Сұлтанда және алты облыста дауылды ескерту жарияланды

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Сейсенбіде Нұр-Сұлтанда және алты облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ.: 19 қарашада қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
19-21 қарашада Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде ауа температурасының 20-25 градус аяздан 25-30 градус аязға дейін, Ақмола, Павлодар облыстарында 15-20 градус аяздан 25-30 градус аязға дейін, 20-21 қарашада Қарағанды облысында 22-27, кей жерлерде 30 градус аяздан 25-30, кей жерлерде 33 градус аязға дейін, Шығыс Қазақстан облысында 18-23, кей жерлерде 26 градус аяздан 25-30, кей жерлерде 33 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 95%.

adimage