ШҚО-да екі республикалық тас жолда қолайсыз ауа райы салдарынан қозғалыс шектелді

Астана. 19 қараша. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында екі республикалық тас жолда қолайсыз ауа райы салдарынан қозғалыс шектелді, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«19 қарашада сағат 13.30-да қолайсыз ауа райы салдарынан (жылымық қар, көру мүмкіндігінің шектелуі) Өскемен-Риддер-РФ шекарасы (15-105 км, Белоусовка ауылы – Риддер қаласы) республикалық маңыздағы жол бөлігінде жүк және қоғамдық көлік үшін шектеу енгізілді», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Сондай-ақ, сағат 16.00 бастап қолайсыз ауа райы салдарынан (жылымық қар, көру мүмкіндігінің шектелуі) Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы (15-123 км, Глубокое ауылы – РФ шекарасы) республикалық маңыздағы жол бөлігінде жүк және қоғамдық көлік үшін шектеу енгізілді.

adimage