ШҚО-да мектептің шатыры ішінара ұшып кетті

Өскемен. 27 қазан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында мектептің шатыры ішінара ұшып кетті, деп хабарлады YK-news.kz.
«Оқиға бүгін Көкпекті ауданында орын алды. Үш қабатты мектептің шатыры қатты жел салдарынан ұшыпк етті. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады сейсенбіде ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.
Хабарда нақтыланғандай, 27 қазанда Көкпекті ауданы Көкжайық ауылындағы желдің жылдамдығы 17 м/с жеткен.

adimage