ШҚО гидрологиялық бекеттердегі су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап қалды

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ- Шығыс Қазақстан облысындағы гидрологиялық бекеттердегі су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап қалды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Бұқтырма өзені – Лесная Пристань ГБ, Үлбі өзені – Перевалочная ГБ, Оба өзені – Шемонаиха ГБ-де су деңгейінің жоғарылауы жалғасуда екенін және қауіпті деңгейге жақындағанын хабарлаймыз. Бухтарма өзені – Лесная Пристань ГБ: 8:00 сағ. нақты деңгейі: 499 см (қауіпті деңгейдің 94%). Қауіпті белгісі: 530 см. Үлбі өзені – Перевалочная ГБ: 8:00 сағ. нақты деңгейі: 309 см (қауіпті деңгейдің 81%). Қауіпті белгісі: 380 см. Оба өзені – Шемонаиха ГБ: 8:00 сағ. нақты деңгейі: 274 см (қауіпті деңгейдің 63%). Қауіпті белгісі: 430 см», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер атап өткендей, қарқынды жаңбырдың жаууына байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі, сондай-ақ қауіпті деңгейден асуы және жайылма аумақтарына шығуы және су басу қаупі күтіледі.

adimage