Үш жылда интернет-қылмыс саны екі есе өскен – ҚР ІІМ

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Соңғы үш жылда интернет-қылмыс екі есе өскен, деп мәлімдеді ҚР ІІМ қылмыстық полиция дапартаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков.
«Үш жылда мұндай (интернет-ҚазТАГ) қылмыстардың тіркелуі 4 мыңнан 8 мыңға дейін екі есеге артқан. Биыл ішкі істер органдары 1700 интернет-алаяқтық қылмысын ашты, 400-ге жуық адамды ұстады», - деді Омарбеков дүйсенбідегі брифингте.
Оның айтуынша, олардың ең көп таралған түрі – интернет-сайттардағы тауарларды сату немесе қызметтер ұсыну туралы хабарландырулармен байланысты.
«Әдетте, алаяқтар өз құрбандарын төмен бағамен, өнімді немесе қызметті жедел ұсынумен қызықтырады», - деді департамент басшысының орынбасары.
Ары қарай сатып алушылардан үшінші тұлғаларға рәсімделген шоттарға алдын ала төлем жасауды сұрайды. Тауарға ақы төленеді, сөйтіп бұл жерде шот рәсімдеген үшінші біреулер пайда болады. Ақша шешіп алынады. Зардап шегушіге бір қателіктің орын алғанын айтады – тауар басқа елде, қазір оны жеткізеді. Ақыры зардап шегуші тауарды да алмайды, байланысқа да шыға алмайды – алаяқтың телефоны өшірулі. Бұдан басқа түрлі қылмыстар да орын алған.(...)
Сонымен қатар, ол бірқатар ұсынымдар берді: қандай жағдай болмасын өзіңіз туралы мәліметті бермеңіз – карта нөмірі, шот нөмірі, коды және т.б.

adimage