Шаимова уақытша ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 9 шілде. ҚазТАГ - Айгүл Шаимова уақытша ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрнің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Шайымова Айгүл Амантайқызы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметіне Жүнісбекова Мәдина Серікқызының оқу демалысы кезеңіне тағайындалды», - делінген хабарда.
Айгүл Шайымова 1979 жылы туған. Түрлі жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінде, Экономикалық және сыйбайлас жемқорлық қылмыстары агенттігінде, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

adimage