Шри-Ланкадағы жарылыстан қаза тапқандар саны 262-ге жетті

Алматы. 22 сәуір. ҚазТАГ – Шри-Ланкадағы жарылыстан қаза тапқандар саны 262-ге жетті, деп хабарлады News1St жергілікті арнасы.
«Сегіз жарылыс салдарынан қазіргі таңда 262 адам көз жұмып, 452-ден астамы зардап шекті», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 21 сәуірде Шри-Ланка астанасы Коломбода сегіз жарылыс орын алған. Шабуыл бірқатар шіркеулер мен қала қонақ үйлеріне жасалған. Белгілі болғаны қаза тапқандардың басым бөлігі - бейбіт тұрғындар.
Қазақстан теракт сериясын айыптайтынын жеткізді.

adimage