Шуда ішімдік ішкен ерлі-зайыптылар күйіп қалды

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Шуда ішімдік ішкен ерлі-зайыптылар күйіп қалды, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.
«10 қарашада сағат шамамен 22.30-да Шуда жеке тұрғын үйде жылыту пешін соляркамен тұтату барысында 1981 және 1983 жылы туылған ерлі-зайыптылар ауруханаға жеткізілді. Әйелінің жағдайы ауыр, ал күйеуін орташа деңгейдегі күйік шалған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде олар ішімдік ішкен, мас күйде болған екен», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов дүйсенбіде.
Комитетте кезекті рет қазақстандықтарды пешті қолдану және от жағу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

adimage