Швециялық банктер ақшаны жылыстату ісін тексеру салдарынан қаржыландыру проблемасына кез болуы мүмкін

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – Швециялық банктер ақшаны жылыстату ісін тексеру салдарынан қаржыландыру проблемасына кез болуы мүмкін, деп хабарлады Reuters.
«Ақшаны жылыстату үшін швециялық банктер шоттары қолданылған ба, жоқ па тексеру олардың халықаралық нарықта займ алу қабілетіне ықпал етуі мүмкін», - делінген сәрсенбіде Швеция орталық банкі жариялаған қаржылық тұрақтылық туралы есепте.
Бұл ретте атап өтілгендей, тергеу амалдары банктерге деген сенімді төмендетуі мүмкін.

adimage