Өскемен. 3 тамыз. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысында 500 шақырымнан асатын иесіз желілерді сенімді басқаруға беру жоспарлануда, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«Облыс басшысы аймақтың энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін шешудің кешенді жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жаңа электр желілерін тартып, ескісін қайта жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізіп жатқанын атап өтті. Ең алдымен елді мекендердегі халықтың тұрмысына тікелей қатысты желілер түгенделіп, тексеріледі. Сонымен қатар, аймақта ұзындығы 500 шақырымнан асатын иесіз желілердің мәселесі шешілуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ШҚО әкімдігі иесіз желілердің 494 шақырымын облыстық энергетикалық компанияның сенімгерлік басқаруына беру үшін заңдық базаны дайындап қойды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Облыс әкімінің айтуынша, қалған иесіз желілерге арналған құжаттама оларды қалпына келтіру құнын есептеу жұмысымен қатар дайындалатын болады.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі26 Сәуiр 2024, 17:39
-
«Семей Орманында» орман өртеніп жатыр26 Сәуiр 2024, 16:15
-
Елтаңбаның өзгерістерін талқылау бойынша сарапшылар пулы қалыптастырылуда26 Сәуiр 2024, 15:24