Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында бейсенбі күні күн күркірейді, үсік жүреді және жел күшейеді

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ –Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында бейсенбі күні күн күркірейді, үсік жүреді және жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«23 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Түнде 23 мамырда кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі. Өскемен қ.: 23 мамырда найзағай күтіледі, батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысып күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Семей қ.: 23 мамырда найзағай күтіледі, батыстан cоғатын жел солтүстік-батысқа ауысып күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 23 мамырда Қостанай облысының таңертен және күндіз кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 23 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage