Шымкентте алкоголь өнімдерін шығаратын 3 жасырын цех әшкереленді

   Шымкент. 15 тамыз. ҚазТАГ – Шымкентте және Түркістан облысында алкоголь өнімдерін шығаратын 3 жасырын цех әшкереленді, деп хабарлады Қазақстан Республикасының қаржы мониторингі агенттігі.
   «Жалған есепке алу-бақылау штамптарын қолданып, алкоголь өнімдерін шығаратын 3 жасырын цехтың жұмысы тоқтатылды. Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан»,- делінген хабарламада.
   Цехтарда жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді.
   Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

adimage