Шымкентте баласымен бірге әйелді көлік қақты

Шымкент. 7 шілде. ҚазТАГ - Шымкентте баласымен бірге әйелді көлік қақты, деп хабарлады «Отырар».
«Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов-Ерімбетов көшелірінің қиылысында болған. LADA Priora көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан әйел мен баланы қаққан», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, 33 жасар әйел мен 6 жасар бала ауруханаға жатқызылды.
Медициналық сараптама қорытындысы бойынша жүргізуші ішімдік ішпеген.
Ақпарға сәйкес, жүргізуші басқа көлікке алаңдап кетіп, жол ережесінің бұзылуына жол берген.

adimage