Шымкентте пәтерлердің бірінен жасөспірімнің денесі табылды

   Шымкент.27 наурыз.ҚазТАГ- Шымкентте пәтерлердің бірінен 15 жастағы жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды «Отырар».
   «Қайғылы оқиға 26 наурыз күні кешке Ерімбетов көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Оны ағасы ауыр халде ауруханаға жеткізген. Алдын ала себеп – көміртегі тотығымен улану»,- деп хабарлайды басылым.
   Оқиға орнына жеткен жедел топ бірқатар бұзушылықтарды анықтады: лоджияға газ плитасы мен су жылытқышы қойылған. Лездік су жылытқышының мұржасы қабырға деңгейінде көшеге шығарылған және полиэтилен пакетімен тығындалған. Лездік су жылытқышының мұржасында ағын жоқ.

adimage