Шымкентте уланған екі баланың нақты неден қайтыс болғаны бір айдан кейін белгілі болады

Астана. 6 қараша. ҚазТАГ – Шымкентте уланған екі баланың нақты неден қайтыс болғанын бір айдан кейін айтуға уәде берді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Балалардың қайтыс болуының алдын-ала себебі: «Белгісіз заттан қатты улану». Бүгінгі таңда сот-медициналық сараптама жүргізілуде, ақырғы нәтижесі бір ай ішінде дайын болады. Ведомствоның аумақтық бөлімшесі барлық қажетті шараларды жүргізуде, мәселе комитет төрағасының бақылауында», - деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.
Комитетте нақтылағандай, оқиға дерегі бойынша белгілі болғаны тамақ газ баллонына қосылған газ плитасында дайындалған.
«Жақында тұрмыстық газы бар газ баллонының шұрасы ашық болған. Күннің салқындауына байланысты үйді жылыту үшін газ плитасын қолданған болуы да мүмкін. Шын мәнінде отбасы екі күн бойы сауда нүктесінен сатып алынған тұшпараны жеген. Балалардың әкесінің айтуынша, аталмыш жартылай фабрикаттар бұзылмаған және жақсы дайындалған. Бұл ретте әйелі мен ұлы тұшпараны жемеген. Зардап шегушілердің үйінен алынған тамақ қалдықтары сынамаларының бактериологиялық зерттеуінің нәтижесі теріс болып отыр», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 4 қарашада Шымкентте анасы мен үш баласының уланғаны белгілі болды. Ауруханаға жеткізілген балалардың екеуі көз жұмды.

adimage