Шымкенттің төрт ауданы қалың жауған қардан кейін тоқсыз қалды, 20-дан астам көлік зақымданды

Шымкент. 9 сәуір. ҚазТАГ – Шымкенттің төрт ауданы қалың жауған қардан кейін тоқсыз қалды, 20-дан астам көлік зақымданды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Сағат 9.30-да Шымкентте 8 сәуірде және 9 сәуірде түнде жауған қалың қар салдарынан ағаштардың құлауының 24 жағдайы тіркелген, бұл ретте 21 жеңіл көлік зақымданған, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады бейсенбіде Шымкенттің ТЖД баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ сағат 6.30-да қаланың төрт ауданында электр тоғы ажыратылып қалған, оларда барлығы 8 мыңға жуық абонент бар.
«ЖАО апатты қызметі қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, ТЖД күштерімен көшелер мен жолдар  құлаған ағаштардан тазартылуда. Қазіргі таңдағы метеожағдай: жауын-шашынсыз, ауа температурасы +3, жел жоқ», - деді ТЖД.

adimage