Сібірде алғаш рет «Бейбіт миссия -2020» ШЫҰ оқу-жаттығулары өтеді

Алматы. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Кемеров облысы «Юргинский» полигонында алғаш рет Шанхай ынтымақтастық ұйымының «Бейбіт миссия -2020» оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлады Қырғыз телеграф агенттігінен (ҚырТАГ).
«ШЫҰ мүше-елдерінің «Бейбіт миссия -2020» антитеррорлық оқу-жаттығулары алғаш рет Кемеров облысы «Юргинский» полигонында өтеді», - делінген Орталық әскери округ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған хабарда.
Тамызда болатын халықаралық оқу-жаттығуға сегіз елдің Қарулы күштерінің өкілдері қатысады – Ресей, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан.
Көлемді біріккен оқу-жаттығулар барысында әскерилер біріккен топтық әскерилердің антитеррорлық операцияларға дайындалу және оларды жүргізу міндеттерін пысықтайтын болады.
Баспасөз қызметінде нақтылағандай, «Бейбіт миссия» оқу-жаттығулары алғаш рет Сібір аумағында өтіп жатыр.
2002 жылдан бастап қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық аясында ШЫҰ мүше-елдері тұрақты түрде біріккен антитеррорлық оқу-жаттығуларын өткізіп келеді. «Бейбіт миссия» оқу-жаттығулары солардың ішінде ең көлемдісі және екі жылда бір рет өткізіледі.
Еске салсақ, 2018 жылы ШЫҰ халықаралық оқу-жаттығулары РФ Челябинск облысы Чебаркуль қаласындағы полигонда өткен.

adimage