Синоптиктер алдағы үш тәуліктегі ауа райы туралы айтты

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ – «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі алдағы үш тәулікке қатысты ауа райы туралы айтты.
«Қазақстанға тропосфералық ағындармен Баренц теңізі аймағынан дымқыл және салқын ауа түсуін жалғастырады. Сондықтан Қазақстанның көптеген облыстарында найзағаймен өткінші жаңбыр және ұйтқымалы жел сақталады. Республикамыздың солтүстік жартысында жоғарғы циклонның ықпалынан кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы төмендеп, 2…5°С градусқа орташа көпжылдықтан төмен күтіледі. Ал батыс облыстарына жоғарғы атмосфералық қысым таралып, сондықтан ол жақта жауын-шашынсыз, температура климаттық нормаға жақын болады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.

adimage