Синоптиктер демалыс күндері Астанада аяз болады деп болжауда

Астана. 11 қаңтар. ҚазТАГ – Астанада синоптиктер демалыс күндері аяз болады деп болжауда, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет-ресурсынан.
«Жұмада елордада күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттан жылдамдығы 2-7 м/с құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде -23-25°С, күндіз -14-16°С. «12 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -11-13°С құрайды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
13 қаңтарда да, «Қазгидромет» РМК ақпарынша, көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз.
«Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 9-14 м/с дейін күшейеді. Сынап бағанасы түнде -13-15°С, күндіз 5-7°С көрсетеді», - делінген хабарда.

adimage