Өскеменде жарқанаттар көбейіп кеткен

Өскемен. 6 тамыз. ҚазТАГ – Өскеменде жарқанаттардың көбейіп кеткені байқалуда, деп хабарлады сейсенбіде ҚазТАГ тілшісі.
Қалада жарқанаттардың көбейіп кетуіне ауа райының ысуы себеп болуы мүмкін, дейді С.Аманжолов ат. ШҚМУ биология кафедрасының профессоры Константин Прокопов.
«Шын мәнінде, соңғы кездері Өскеменде жарқанаттадың көбейгені байқалады, олар тіпті көп қабатты үйлерге де кіріп кетуде. Мен оған ауа райы жағдайы ықпал етті деп ойлаймын – жоғары температура жәндіктер санының көбеюіне алып келді, ал жарқанаттар онымен қоректенеді», - деді профессор.
Прокопов жарқанаттардың адамдар үшін қауіпті емес екенін, сондықтан оларды жоюдың қажеті жоғын айтуда.
«Пәтерлердің терезелеріне біздің өңірде кеңінен тараған жарақанат түрлері кіріп жүрген болар, олар - өзен түн жарқанаттары және ымырт жарқанаттары. Олар залалсыз, ешқашан адамға шабуылдамайды. Тек қорғанып, жарақаттауы немесе тістеп алуы мүмкін», - деп түсіндірді Константин Прокопов.
Атап өтелік, Өскемен тұрғындары жарқанаттардың қала орталығында, Пристани, Стрелки аудандары мен жібек маталар комбинаты маңында көптеп ұшып жүргенін байқаған.

adimage