Өскеменнен алыс емес жерде АН-2 ұшағының қозғалтқышынан қону барысында өрте шықты

Өскемен. 26 ақпан. ҚазТАГ – Өскеменнен алыс емес жерде АН-2 ұшағының қозғалтқышынан қону барысында өрт шықты, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«26 ақпанда шамамен 13.00-де Прапоршиково ауылынан 10 шақырым қашықтықта қону сәтінде АН-2 ұшағының қозғалтқышынан өрт шықты. Ұшқыш әуежайдан тыс жерде апатты түрде қонуға мәжбұр болған. Ұшақ бортында 5 адам болған. Қаза тапқан адамдар жоқ. Ұшқыштардың біріне медициналық көмек көрсетілуде», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол қазір жағдайдың мән-жайы анықталып жатқанын айтты.

adimage