Су басу қаупі салдарынан Алматыда Қарғалы өзені арнасының сыйымдылығы арттырылуда

Алматы. 14 тамыз. ҚазТАГ – Су басу қаупі салдарынан Алматыда Қарғалы өзені арнасының сыйымдылығы арттырылуда, деп хабарлады қаланың ТЖД баспасөз қызметінен.
«Өзен Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандары арқылы өтеді. Қазіргі уақытта Қарғалы өзенінің маңында орналасқан жеке учаскелерді су басу оқиғалары тіркелген жоқ. Бұл ретте су басу қаупі бар барлық аудандарға арнайы техника қойылды, олар өзен арнасының сыйымдылығын арттыру үшін жұмысқа кірісіп кетті», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, 2019 жылдың 14 тамызында Наурызбай ауданында шағын көлемде сел шығару жүргізілді. Тұрғындар құлақтандырылған. Энергетика қызметіне жарықты, газды өшіру туралы команда берілді. Алматы қалалық ТЖД Әуезов және Алатау аудандарында Қарғалы өзенінің төменгі жағында тұратын тұрғындарға ескерту жасап жатыр. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпарынша, эвакуациялық пункттер үш мекенжайда орналасқан: Жандосов – Рысқұлов (ескі әкімдік), Шахмерденовтағы №172 мектеп, Жандосов-Яссауидегі №158 мектеп. .
Кейін Алматы ТЖД, өзен деңгейі секундына 20 текше метр су жіберуге дейін тұрақталғанын, жағдайдың тұрақты, бақылауда, алаңдауға еш негіз жоғын хабарлады.

adimage