Су шаруашылығы қызметкерлері күнін ҚР мерекелік күндер тізіміне енгізу ұсынылуда

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – Су шаруашылығы қызметкерлері күнін Қазақстанның мерекелік күндер тізіміне енгізу ұсынылуда, делінген ҚР үкіметінің «Қазақстан республикасында мерекелік күндер тізімін бекіту туралы» 2017 жылғы 31 қазандағы №689 Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР үкіметі қаулысының жобасында.  
«Аталмыш қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерекелік күндер тізімі келесі мазмұндағы 17-2 тармағымен толықтырылсын:   «17-2. Су шаруашылығы қызметкерлері күні – 9 шілде», - делінген ұсынылған құжатта.  
Сол 2003 жылғы 9 шілдеде, ҚР премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев түсіндіргендей, президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Су кодексіне қол қойды.  
«Жобаны қабылдау негізі – су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби беделін көтеру», - деп түсіндірді Ө.Шөкеев.
Құжат 24 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.  

adimage