Түркістан-Бішкек жаңа халықаралық авиарейсі 31 мамырда іске қосылады

Түркістан. 31 мамыр. ҚазТАГ-Түркістан-Бішкек жаңа халықаралық рейсі 31 Мамырда іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"2021 жылғы 31 Мамырда Fly Arystan әуе компаниясы Түркі әлемінің мәдени астанасынан Қырғызстан астанасына Бішкек бағыты бойынша жаңа халықаралық рейсті іске қосады. Түркістан – Бішкек рейстері А-320 типті әуе кемесінде аптасына екі рейс жиілікпен (1,4 күндері)  орындалатын болады", - делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

31 мамырдағы бірінші рейсте Түркістан мен Бішкек қалалары арасында орташа коммерциялық жүктеме 60% - дан астамды құрады. Осылайша, Ұлы Жібек жолындағы туризмді дамыту орталығы ретінде Түркістан қаласын шет мемлекеттермен байланыстыру жөніндегі міндет дәйекті түрде орындалып келеді.

"Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады", - делінген хабарламада.

adimage