Түркістан облысында 80 дана су құдығының қақпағын ұрлағандар ұсталды

Күні: 10:53, 15-11-2019.

Алматы. 15 қараша. ҚазТАГ –Түркістан облысында 80 дана су құдығының қақпағын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің бапасөз қызметінен.
«Сайрам аудандық полиция бөліміне фирмалардың бірінің басшысынан арыз келіп түскен. Онда мекемеге тиесілі 80 дана су құбырының қақпақтарын 1 айға жуық уақыт ішінде белгісіз біреулердің ұрлап келгені айтылған. Әр ұрланған қақпақтың құны 13 000 теңге деп бағалануда, сонда мекемеге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 миллион теңгеден асады. Аталмыш дерек Сайрам АПБ СТБТ-не ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша тіркеледі. (…) Іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер бейнекамералардың көмегімен күдіктілердің екеуін қолға түсірді», - делінген хабарда.
Үшінші күдікті іздестірілуде.
«Ұсталғандар жергілікті тұрғындар болып шықты. Қазіргі таңда олардың біреуі қамауға алынды, екіншісінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Тергеу барысында полицейлер ұрылардың кәріз құжықтарының қақпақтарын ұрлап, металл қабылдау пункттерін тапсырғандарын анықтады. Ақшаларын өз қажеттеліктеріне жұмсаған», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: